- Басты
- Жаңалықтар
- Бурабай курорты Ақмола облысының ерекшелігін көрсететін аймаққа айналуы тиіс – Кәрім Мәсімов
Бурабай курорты Ақмола облысының ерекшелігін көрсететін аймаққа айналуы тиіс – Кәрім Мәсімов
Қазақстан халқының сүйікті демалыс орнына айналған курортты аймақты дамытуға Мемлекет басшысы баса назар аударып отыр. Сонымен қатар, Ақмола облысына ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысында келген қонақтарға лайықты қызмет көрсету міндеті қойылған. Осыған байланысты Курорттық аймақты дамыту үшін арнайы жоспар жүзеге асырылуда.
Кеңесте Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын, алайда қазіргі таңдағы жағдайы көңіл көншітпейтіні айтылды. Бұл ретте оның экологиялық ахуалы, инфрақұрылымы, сервистің төмендігі баса назарға алынды. Премьер-Министр сондай-ақ демалушылардың орманның қоқысқа толуына, қонақүйлер бағасының қымбаттығына, сапалы қызмет көрсететін дүкендердің аздығына шағымданатынын атап өтті, деп pm.kz хабарлайды.
Бурабай курорттық аймағының тазалығын назарда ұстай отырып, оны дамыту мен танымалдылығын арттыру – бұл туристік бағытты дамытудағы маңызды шарт. Осыған байланысты Премьер-Министр Инвестициялар және даму министрлігіне, әкімдікке, өзге де мемлекеттік мекемелерге өзекті мәселелерді пысықтап, оларды шешу бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Бурабай «Қазақстанның інжу-маржаны» және «қазақстандық Швейцария» атанған аймақ. «Бурабай» Ұлттық саябағында 14 ірі көл орын тепкен. Олардың ішінде Бурабай, Шортанкөл, Қотыркөл және бірнеше шағын көлдер бар. Бурабай фаунасында омыртқалылардың 300-ге жуық түрі мекендесе, флорасында 800-ден астам өсімдік түрі өседі. Мұнда көптеген шипажайлар, балшықпен емдеу орындары орналасқан, негізінен туберкулез және тыныс алу мүшелерін емдеуге басымдық беріледі.
Туристер ағымына ықпалын тигізген жалпыэкономикалық дағдарысқа байланысты 2015 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша Ақмола облысына келушілер саны 10,2%, яғни 226190 адамға азайған. Бұл жағдайда турбизнес субъектілері икемді баға саясатын жүргізіп, көрсетілетін қызмет аясын кеңейтеді. Атап айтқанда, демалыс нысандарының жартысынан астамында көрсетілетін қызмет құны 10-20% төмендеген.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі