• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы қазақстандық ҮЕҰ-ны қолдауға 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді (ФОТО)

2016 жылы қазақстандық ҮЕҰ-ны қолдауға 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді (ФОТО)

5 Тамыз, 2016 16:13
Биыл мемлекеттік грантты жүзеге асыруға 200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған, 11 ҮЕҰ жобасының әрбірі 14-тен 30 млн теңгеге дейін барады. Мемлекеттік гранттың бірінші байқауы Қазақстан ҮЕҰ ұйымдарынан 2016 жылдың 16 тамызына дейін қабылданады. Бұл туралы АБҚО басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев.

«Бізде 11 тақырып бар, оның ішінде азаматтық қоғамды жүзеге асыру, гендерлік саясат  және балалар мен жастар құқығын қорғау кіреді. Қазір біздің уақытша сайтымызда  барлық ақпарат бар. Жалпы, орталықтың қызметі  қоғамның әлеуметтік жағдайларын толық шешуге бағытталған», - деді ол.

Н.Өтешев айтып өткендей, грантқа бөлінген орындарды қадағалау үшін орталық аппаратының құрамында  қаржыны қадағалау орталығы құрылды. Мамандар  өңірлердегі жобалардың қаржыландырылуын бақылайды.

«Биыл мемлекеттік грантты жүзеге асыруға  200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған, 11 ҮЕҰ  жобасының әрбірі  14-тен 30 млн теңгеге дейін барады. Мемлекеттік гранттың бірінші байқауы  Қазақстан ҮЕҰ ұйымдарынан 2016 жылдың 16 тамызына дейін қабылданады», - деді ол.

Байқауды тиімдірек өткізу үшін  ҮЕҰ атынан сарапшылық комиссия құрылды. Оның құрамында Парламент Мәжілісінің депутаттары бар.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

Оператор азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды беруге конкурс өткізетінін жариялайды.

Гранттардың тақырыптары, тапсырылуы тиіс құжаттар тізімі, бағалау өлшемдері, тағы да басқа қажет ақпараттар бар егжей-тегжейлі техникалық тапсырманы тіркелген құжаттар арқылы табуға болады.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар