- Басты
- Жаңалықтар
- К. Мәсімов: Мектеп оқытушыларының мәртебесін көтеру қажет
К. Мәсімов: Мектеп оқытушыларының мәртебесін көтеру қажет
Білім мекемесінде Премьер-Министр педагогтармен жүздесіп, еліміздегі шағын жинақты мектептер мен мектеп-интернаттарда білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Кеңес барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар шағын жинақты мектептер мен мектеп-интернаттарда орта білімнің жаңартылған мазмұнын енгізу және шағын жинақты мектептерді оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері талқыланды.
Аталған мәселелер бойынша білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндама жасады. Министр өз қарауындағы ведомствоның еліміздегі барлық мектептерде заманауи тәжірибені енгізуді жалғастырып жатқанын айта келіп, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту шараларымен жинақтылығына және орналасқан жеріне қарамастан барлық мектептер бірдей қамтылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Премьер-Министр қазақстандық мектеп оқушыларының 48%-ы ауылдық жерлердегі мектептерде білім алып жүргенін еске салды. Осыған байланысты К.Мәсімов аталған министрлікке бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ерлан Сағадиевке педагогтардың мәртебесін көтеру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Премьер-Министр сондай-ақ мектептерде арнайы инфрақұрылымды дамыту керектігін, атап айтқанда интерактивті тақталар орнатып, интернетке қосу қажеттігін айтты. Бұл жұмысты ауылдағы мектептерден бастау керек.
«Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңына дейін апатты мектептер мен үш ауысымда білім беруді толықтай жоюды қамтамасыз ету (БҒМ, ҚМ, ҰЭМ, облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері) жоспарланған.
Ұлттық қор есебінен 2015-2017 жылдар аралығында 95 білім нысанын: 76 мектеп (17-сін – апатты мектептер орнына, 59-ын – үш ауысымды мектептер орнына) және 19 балабақша салу қарастырылған, оның ішінде:
- 2015 -2016 жылдары – 51 (34 мектеп пен 17 балабақша);
- 2016-2017 жылдары - 44 (42 мектеп, 2 балабақша).
2015 – 2016 жылдар аралығында 51 білім беру нысанынан 20-сы енгізілді, оның ішінде:
- 13 мектеп (Ақтөбе - 1, Жамбыл - 1, Қызылорда - 2, Маңғыстау - 1, СҚО - 1, ОҚО - 6, Алматы қаласы - 1);
- 7 балабақша (Алматы обл. - 2, Қарағанды обл. - 1, Маңғыстау обл. - 1, СҚО - 1, ОҚО - 1, Алматы қ.- 1).
Қалған 31 нысан (21 мектеп пен 10 балабақша) 2016 жылдың соңына дейін енгізіледі деп күтілуде.
2016-2017 жылдарға 44 білім беру нысаны (42 мектеп: 9 – апатты мектептер орнына, 33 – үш аусымды мектептер орнына) және 2 балабақша салу жоспарланға.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді