- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: ОҚО-да 4 жыл ішінде 56 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
«Нұрлы жол»: ОҚО-да 4 жыл ішінде 56 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Маңызды құжатқа облыс әкімі Б. Атамқұлов және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқармасының төрағасы А. Жұмағұлов қол қойды.
Айта кетейік, өңірдегі тұрғын үй құрылысын жүргізуге Ұлттық банк қазынасынан 4,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа 558 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысын салу көзделген. Бұдан бөлек, «Бәйтерек Девелопмент» компаниясы 432 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысын қолға алмақ.
Екіжақты іскерлік кездесу барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ өкілдері Shymkent-city құрылысының жобасына қызығушылық танытты.
Бүгінде қаланың солтүстік аумағындағы келешектегі іскерлік және тұрғын үй орталығында инженерлік-коммуникациялық жүйелер жүргізілуде. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқармасы төрағасының айтуынша, мұндағы жасалған оңтайлы жағдайлар «Өз үйім» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын жүргізуге қолайлы мүмкіндік береді. Бұл бағытта Шымкент қаласы әкімдігімен және қаржы институттарымен меморандумға қол қойылған.
Өз кезегінде, облыс әкімі Б. Атамқұлов басқарма басшылығына жобаға көрсеткен лайықты қолдауы үшін шынайы алғыс сезімін жеткізді. Сондай-ақ, келешекте Shymkent-city – ыңғайлы тұрмыс пен сәулет өнерінің озық үлгілерін паш еткен орталық ретінде қалыптасатынын, онда тұрғындар өздерін қауіпсіз әрі бақытты сезіне алатынына кәміл сенімді екенін айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді

