- Басты
- Жаңалықтар
- «Экспедиция 25» жобасы «Әзірет Сұлтанға» барды
«Экспедиция 25» жобасы «Әзірет Сұлтанға» барды
5 Тамыз, 2016 20:18
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне «Экспедиция 25» жобасының мүшелері келді. Атаулы жоба«Хабар» агенттігі, Қазақ географиялық қоғамы және «Арша Медиа» студиясы бірлесіп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жаңа реалити шоу, деп хабарлады Мәдениеті және спорт министрлігі.
Экспедицияға қатысушылар 108 күн ішінде жол талғамайтын 5 темір тұлпармен Қазақстан аумағы бойынша 25 мың шақырым жерді жүріп өтпек.
Астана қаласынан 6 шілде күні шыққан экспедиция мүшелері Қарқаралы, Бектау ата, Балқаш сынды бірқатар қала мен елді мекендерде болған. Енді Түркістан қаласынан ежелгі Сауран шаһарын барып тамашалап ары қарай Қызылордаға жолға шығады. Құрамында ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері бар жобаның мақсаты еліміздің сәулетті ескерткіштері мен тамаша өлкелерін кеңінен насихаттау.
Жоба соңында ұйымдастырушылар экспедиция картасын және Қазақстанның өңірлеріне саяхат жасау бағыттары бойынша анықтама әзірлемек.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар