• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкімет басшысы отандық жылыжай технологияларының даму барысымен танысты

ҚР Үкімет басшысы отандық жылыжай технологияларының даму барысымен танысты

5 Тамыз, 2016 13:48
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-ында болды, деп pm.kz. хабарлайды.

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС 2008 жылы құрылған. Кәсіпорында көкөністер (қызанақ, қияр, аскөк, ақжелек) өсірілумен қатар, Қазақстанның жағдайларына бейімделген заманауи жылыжай кешендеріне арналған жабдықтар жобаланып, өндіріледі. 

Еліміздің солтүстік және орталық бөліктерінің климаттық ерекшеліктерін ескерсек, ҚЖТ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін және жалпы отандық ауыл шаруашылығын дамыту үшін аса маңызды кәсіпорын болып табылады.

2013–2020 жылдарға арналған агороөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы ауыл шаруашылығы саласының және Қазақстанның жалпы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Барлық жаңалықтар