- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның мергендері жалпы командалық есепте бірінші орын алды (ФОТО)
Қазақстанның мергендері жалпы командалық есепте бірінші орын алды (ФОТО)
Жалпы командалық есепте Қазақстанның командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Ресейдің командасы еншіледі. Жеке сынақта Беларусьтің өкілі көш бастап келеді.
Екінші және үшінші орындарда мергендеріміз кіші сержант Нұрсұлтан Бақтыораз бен 3-сыныпты сержант Дмитрий Охотников. Сайыстың бірінші кезеңі аяқталысымен «Мерген шебі» додасымен төрт команда, яғни, Үндістан, Грекия, Зимбабве және Армения қош айтысты.
Олар үшін жарыс аяқталды. Сегіз команда, яки, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Венесуэла, Ресей және Иран екінші кезеңге қадам басты. Бірініш кезең күрделі сынақтарымен қатысушылардың есіңде қалды. Тапсырмалар дене төзімділігі мен дәлдікті, орындаудағы жоғары нақтылық пен ептілікті қажет етті. Жалпы алғанда, бір кезеңде мергендер бес жаттығуды орындады. Күрделілердің бірі «Мерген биатлоны» болды.
Қатысушыларға биіктігі 2 метрлік кедергілерді, орларды, сымды бөгеттерді, динамикалық қабырға мен автомобиль дөңгелектерінен жасалған үйінділерді бұзып өтуге, Макаров тапаншасы мен мерген винтовкасынан оқ атуға, гранаталар лақтыруға тура келді. «Өзге командаларды, олардың жұмыс жасағанын бақылаған қызықты. Қазақстандық команданың атынан өнер көрсетіп, оны халықаралық деңгейде паш ету үлкен абырой», – деп мерген кіші сержант Нұрсұлтан Бақтыораз атап өтті. «Мерген шебі» байқауы 9 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Отар полигонында өтіп жатқан қызу бәсекелі тартысты барлық ниет білдіргендер өз көздерімен бақылап, тамашалай алады. Күн сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайтында ойындардың тікелей көрсетілімі жүргізілуде.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады