- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов Ақмола облысында ИИДМБ кадрларын дайындау үрдісімен танысты
К.Мәсімов Ақмола облысында ИИДМБ кадрларын дайындау үрдісімен танысты
Оқу орны 1979 жылы ашылған. 2013 жылдан бастап колледж «Степногор ЕПК» АҚ-ымен бірігіп дуальді оқыту бойынша тәжірибе түрінде жұмыс істеп келеді. Оқу орнында токарлық іс және металл өңдеу мамандықтары бойынша білікті жастар, өнеркәсіптегі элеткромеханикалық жабдықтар бойынша кәсіби мамандар даярланады. Ал 2015 жылдан бастап машинажасау технологиясы мамандығы бойынша оқытады.
К.Мәсімов колледждің оқу корпусын аралады. Білім мекемесінің директоры Е.Крайнева оны ИИД МБ үшін кадрлар даярлаудың оқу үрдісімен таныстырды. Бұдан соң Премьер-Министр қала жастарымен кездесіп, өзекті мәселелерді, атап айтқанда, жұмыспен қамту бойынша мәселелерді дөңгелек үстел басында талқылады.
Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің қатарында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жіберілген жас мамандар үшін көтерме ақы көлемін арттыру, жоғары сынып оқушылары үшін демалыс уақытында уақытша еңбекпен қамту бағдарламасын енгізу, жастар кәсіпкерлігін ұйымдастырып, қолдау, құрылыс жасақтары тәрізді жұмысқа орналастыру түрілерін қолдау және т.б. мәселелер болды.
К.Мәсімов «Жастар іс-тәжірибесі», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы Үкіметтің жас мамандарды еңбекке орналастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар саясаты мәселелері Қазақстан Үкіметінің ерекше бақылауында. Премьер-Министр Жамбыл облысында тамыз айының соңында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізуді жоспарлауда екенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар ел халқының жалпы санынан 24,1% немесе 4 млн 206 мың адамды құрайды. Оның ішінде 2, 5 млн. жас халықтың экономикалық белсенді бөлігіне жатады, яғни ел экономикасында қамтылған деп саналады.
Жастарды еңбекке орналастыруға Үкімет «Жастар іс-тәжірибесі», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы ықпалын тигізеді.
Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 78,4 мың адам қамтылған, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар – 36,2 мың, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 мың адамға (2015 жылы – 23,2 мың жас (41,8%) көп.
Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесіне 13,2 мыңнан астам жас жіберілген (2015 жылы – 7 мың жас).
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді