- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық медиаторлар барлық аймақ бойынша азаматтарға тегін кеңес өткізуде
Қазақстандық медиаторлар барлық аймақ бойынша азаматтарға тегін кеңес өткізуде
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация институтын ынталандырып және оны дамыту мақсатында Медиатор күні республикалық акциясына бастама жасады. Оның аясында Ашық есік күні өткізілетін болады. Біздің пайымдауымызша, жалпы республика бойынша 300-ден астам кабинет жұмыс жасайтын болады және ол жерде тәжірибелі және тәжірибелері жоқ медиаторлар тегін негізде кеңес өткізетін болады. Осыған орай, алдын ала хабарландырулар жапсырылды. Азаматтар келеді деп үміттенеміз»,-деп «Қоғамдық келісім» медиацияны дамыту бөлімінің бас сарапшысы Дәуен Алпамысұлы айтты.
Осылайша, сарапшының айтуы бойынша, таңғы сағат 10-да барлық кабинеттер жұмысқа кіріседі және олардың жұмыс уақыты сағат 13:00-ге дейін жалғасады. Акция бір күн болады.
«Егер адамдар көп келетін болса, уакқытты ұзартамыз. Біз осындай жұмысты дамыту мақсатында ұйымдастырудамыз және халық кез келген уақытта келіп, тегін кеңес алуына болады. Бұл акция медиация институтын насихаттап, дамыту үшін жасалуда. Былайша, кабинет таңертеннен кешке деін тегін негізде жұмыс жасайды. Әрбір кабинетте сенім телефоны бар»,-деді ол.
Сонымен қатар, сол күні тұрғындарға медиация кабинетінің сенім телефондары мен мекен-жайы жазылған буклеттер таратылады.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғары соты арасындағы қол қойылған меморандумға сәйкес өткізілуде. Шараға тәжірибелі және тәжірибелері жоқ медиаторлар, медиаторлар ұйымының басшылары мен мүшелері, медиация кабинетінің меңгерушісі, ҚХА мүшелері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ЭКО мүшелері, облыстық және қалалық соттың судьялары, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган, мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті ХҚКО қатысады. Іс-шараның мақсаты ҚХА медиация қызметін ынталандыру және дамыту болып табылады. Айта кетейік, аталмыш іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация институтын дамытуға жәрдемдесетін болады.
Индира Қауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды