- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда “Балапан” бағдарламасы бойынша 154 жеке меншік балабақша жұмыс істейді
Алматыда “Балапан” бағдарламасы бойынша 154 жеке меншік балабақша жұмыс істейді
2016 жылғы 1 тамыздағы көрсеткішке сай, қала бойынша мектепке дейінгі мекемелерге 48 мың 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер кезекте тұр, соның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгілердің саны – 28 627 бала. Ал Әуезов ауданы бойынша 6 жасқа дейін кезекте тұрған балалардың саны – 9857, 3 жастан 6 жасқа дейінгілердің саны 5401 құрайды.
Бүгінгі күні аталған мәселені шешу үшін республикалық «Балапан» бағдарламасы іске асуда. Бұл бағдарлама бойынша ата-аналарға көмек ретінде бүлдіршіндердің жеке балабақшаларға баруына мемлекет тарапынан ай сайын 20 мың теңге бөлінеді.
Атап айтқанда, Алматы қаласы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында 154 жеке мектепке дейінгі мекемелер, соның ішінде Әуезов ауданы бойынша 1036 орынға арналған 32 мекеме қызмет көрсетеді.
Осы орайда, тұрғындарды «Балапан» бағдарламасы аясында жеке балабақшалардың көрсететін қызметін ақпараттандыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкеде ата-аналарға қатысу шарты түсіндіріліп, балабақшалардың қызметтерін халық назарына ұсынылады.
2016 жылдың 23 шілдесі күні «Фэмили» саябағында «Балапан» бағдарламасы аясында жәрмеңке болып өтті. 500 адамды қамтыған шарада шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, демеушілердің тарапынан бүлдіршіндерге балмұздақтар, сусындар және аттракциондарға билеттер үйлестірілді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды