ЕЭК электронды кедендік декларацияға енген өзгерісті бекітті

5 Тамыз, 2016 10:32
Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясы кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің құрылымына өзгерісті бекітті.

Өзгеріс декларацияда міндетті түрде өтініш бергендегі кеден құнын көрсету, тауарлардың кедендік құнының нақты құны, сонымен қатар, кедендік бақылау аймағының саны, реестрге уәкілетті экономикалық операторларды енгізу туралы куәліктің нөмірі, кеңсенің пошталық мекен-жайы туралы бұрындары қабылданған Комиссияның шешімдеріне бағытталған, деп ЕЭК хабарлайды.

Сонымен қатар, қабылданған өзгерістер Беларусь Республикасында жұмыс істеп жатқан сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына жүк декларациясын түзетуде нөмірді көрсетуге және тауарға деген декларациядан тауардың шығарылған күнін көрсетуге мүмкіндік береді.

Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің жаңартылған құрылымы ЕАЭО елінде 2016 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енеді. 

Барлық жаңалықтар