• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ кәсіптік мереке қарсаңында үздік көлік қызметкерлерін марапаттады (ФОТО)

ҚТЖ кәсіптік мереке қарсаңында үздік көлік қызметкерлерін марапаттады (ФОТО)

4 Тамыз, 2016 18:17
Мерекелік шараға Қазақстан Премьер –Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қатысты.Жиналысты ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сала ардагерлеріне жас ұрпақты тәрбиелеудегі мол тағылымы мен тәжірибелері үшін алғысын жеткізді.

А. Мамин өз сөзінде көлік коммуникация саласы Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

«Көлік кешені еңбеккерлері тасымалдауды қамтамасыз етіп, ұлттық инфрақұрылым мен экономиканың жаңа саласындағы жаңа компетенцияларды дамытып, еліміздің дамуына өз еңбегімен өлшеусіз үлес қосып келеді»,-дейді Компания басшысы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансқұрлықтық транзиттік тасымал  нарығындағы жаңа белестерді бағындыру стратегиясын жүзеге асыруда.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ  тапсырыс берушілерге қолайлы ахуал орнату мақсатында, бизнесті трансформациялау мен жаңа бизнес архитектурасын өндіріске енгізіп, басқару саласын қайта қарап, үдерісін игеріп,  халықаралық үздік тәжірибелерді меңгеріп, қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін көтере түсуде. Осындай кешенді шаралар нәтижесінде нарыққа бейімделген салаға жүк ағынын тарту көлемі ұлғая түседі.

Сапалы көліктік- логистикалық инфрақұрылым жасақтау мен неофизикалық кедергілерді жоюдың кешенді қызметі, жұмсақ тарифтік жеңілдіктер, бәсекелестікке қолайлы көліктік –логистикалық қызмет көрсету, нарыққа қатысушылармен серіктестік орнату нәтижесінде Қазақстанның халықаралық логистикалық рейтингтегі (Logistics PerformanceIndex - LPI) орыны 160-тың ішінде 88-ден 77- орынға көтерілді. Бұл ТМД аумағындағы  үздік көрсеткіш болып табылады.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на  ұлттық экономиканың дамуына серпін беретін стратегиялық және инфрақұрылымдық тапсырмалар сеніп тапсырылған. Соған орай, қазіргі таңда мемлекеттік «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асырып, Ұлт жоспары «100 қадам» Қазақстанның халықаралық көліктік коммуникациялық ағынға ықпалдасуын қамтамасыз етуге кірісіп кеткен.

Осы тапсырма аясында темір жол желілерінің өткізу мүмкіндігі еселене түсуде.

Трансқұрлықтық бағдарлардағы логистикалық инфрақұрылымды жасақтау үшін автокөлік желілері салынуда. Теңіз флоты әлеуеті көтерілуде. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында жаңа әуежай жолаушылар терминалы мен жаңа үлгідегі темір жол вокзалы салынуда.

А. Маминнің айтуынша, компанияның негізгі активінің тозығы жетуі 80% -дан 40% дейін төмендеді. Активтің берік қоры жасалды.

«Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол машинасын жасау саласындағы әлемдік жетекші компаниялармен серіктестік орнатты. Олармен бірге өзінің жеке өндірістік қуатын дамыта отырып, жылжымалы құрамды шығарып, рельс өнімдері мен жинақтаушы құралдарын шығаруда.Компания басшысы барлық еңбеккерлерді төл мерекелерімен құттықтап, кәсіби біліктіліктері мен еңбектегі жетістіктері үшін алғысын білдірді.Салтанатты шара барысында Үкімет басшысы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі компаниядағы ерекше табысқа жеткен еңбеккерлерді марапаттады. Елімізде бұл күні 800-ден астам сала үздіктері марапатталатын болады», - деді ол. 

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар