- Басты
- Жаңалықтар
- Олег Рофман: «Болашақ» менің арманымды орындауға мүмкіндік берді
Олег Рофман: «Болашақ» менің арманымды орындауға мүмкіндік берді
- «Болашақ» бағдараламасының сіз үшін маңызы қандай?
- Бұл бағдарлама менің өмірімде үлкен мәнге ие. Сегіз жыл бұрын ол менің арманымның жүзеге асуына мүмкіндік беріп, Ұлыбританияда докторлық дәреже бойынша білім алуға жағдай жасады. Кейін де менің өмірімдегі өзгерістерге себепкер болды.
- Байқауға қатысуыңызға не түрткі болды?
- Себеп бірнешеу болды. Мен шетелдің оқу орындарына өз күшімен түскен санаулы ғана адамдардың бірімін. Іріктеу байқауынан кейін бағдарлама менің шығындарымды төлейтін болды. Оның ішінде оқу ақысы мен жатақхана және айлық стипендия. Сонымен қатар, мен сол кездердің өзінде ғылымға құштар болғандықтан, сол жақтың түрлі ғылыми орталықтары жұмысына араластым. Бұл да аталмыш бағдарламаның қолдауымен іске асырылды.
- Оқу барысында қандай да бір қиындықпен ұшырасқан кездеріңіз болды ма?
- Ғылыммен айналысқан үш жылдың ішінде менде қандай да бір үлкен қиындықтар болды деп айта алмаймын. Алғашқы кездері талаптардан шыға білу, ғылыми жұмыстарды жоспарлау істері, жаңа ортамен араласу, қондырғыларды игеру қиындық тудырмай қоймады. Мұны мен өзімді шыңдау арқылы жеңе білдім. Айта кетерлігі менің ғылыми жетекшім ол жақтағы ең беделді ғалымдардың бірі болды. Ол маған ғылыми орталықтарда барынша мол білім алуға көп көмек берді. өзінің тәжірибесін ұсынды. Ақырында оқу соңына қарай халықаралық конференцияларға қатысып, басылымдарға жұмысымды жариялай бастадым.
- Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу жағы қалай болды?
- 2008 жылы оқуды аяқтағаннан кейін жарты жылдай «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да, жаңа өнімдерді өндіріске енгізуге мамандандырылған техникалық орталықта жұмыс істедім. Кейін Өскеменге барып Аманжолов атындағы ШҚМУ-де сабақ бердім және ұлттық ғылыми лабароторияда еңбек еттім. Соңғы үш жылда Радиациялық материалтану ядролық физика институтының лабораториясында жұмыс істеп жүрмін. Ғылыми зерттеулермен қатар осы жылдар аралығында «НАТР» АҚ, «НЦГНТО» АҚ-мен бірігіп республиканың ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық жобалауды дамыту жобаларын іске асыруға белсенді араласып келемін.
- Кейінгі болашақтықтарға қандай тілегіңіз бар?
- Менің ойымша, аталмыш бағдарламаның кез келген түлегі және иегерінің өзіндік орны бар. Тілегім – жастар ешқашан да үлкен мақсат қоюдан жүрексінбеулері керек.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді