- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада түрлі мамандық иелеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсетілуде
Астанада түрлі мамандық иелеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсетілуде
Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – арнайы тренингтердің өткізілуі, шараны ұйымдастырушылар жұмыс іздеушілермен сұхбаттасудан табысты өтудің құпияларымен бөлісті. Жұмыспен қамту орталығының басшысы Олжас Омар бірінші кезекте жастарға консультациялар берілетінін атап өтті. Оларға жұмысты қалай іздеу керек екендігі, сұхбаттасудан өту, жұмыс берушімен әңгімелесу жағдайлары түсіндіріледі.
- Бүгін сегізінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп жатырмыз. Шараға 60 жуық жұмыс беруші қатысуда, 300 жуық бос жұмыс орны ұсынылады. Келесі жәрмеңке 11 тамыз күні білім саласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі, - деді ол.
Жалпы, жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 8 мыңға жуық адам хабарласқан. 4 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 400 жуық түлек жастар практикасынан өтіп жатыр. 600 жуық адам қайта даярлануда.
– Мен пластик терезелер монтаждаушысы болып істеп жүрмін. Бірақ бұл жұмыс өзіме ұнамайды. Жәрмеңкеге басқа жұмыс табу үшін келдім. Кеше Жұмыспен қамту орталығында болып, жәрмеңке өткізілетіні туралы естідім. Түйіндемемді тапсырдым, енді сұхбаттасуға барамын, – дейді қала тұрғыны Абзал Ерденбаев.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші