- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Мобильді үкімет арқылы 4,5 миллионға жуық қызмет көрсетілген
Қазақстанда Мобильді үкімет арқылы 4,5 миллионға жуық қызмет көрсетілген
Бұл Мобильді үкімет, атап айтқанда, eGov-тың мобильді қосымшасы болып табылады.egov.kz электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдері арқылы әрбір қалаушы Мобильдік үкіметтің пайдаланушысы бола алады және мобильдік базаға тіркеле алады. Ол үшін порталда авторизациядан өту, өзінің телефон нөмірін, құпия сөзін көрсету және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен тіркеуді растау жеткілікті.
Бүгінгі күні кез-келген уақытта смартфон немесе планшет арқылы қосымша пайдаланушыларына 80 түрлі қызметтер мен сервистер қолжетімді. Оның ішінде, мысалы мекенжай анықтамасын алу, балабақшаға баланы кезекке қою, салықтарды, айыппұлдарды төлеу және т.б.
Ал мобильді жеке кабинетке келетін болсақ, ол жерге азамат туралы барлық негізгі ақпарат әр түрлі мемлекеттік органдардың деректер қорларынан автоматты түрде тартылып жинақталады. Мысалы, пайдаланушы өз жеке кабинетінде жеке куәлік немесе техбайқаудың қолдану мерзімінің аяқталуы жайлы және де ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар мен борышкерлердің тізіліміне енгізулуі туралы хабарландыруларды алады. Сонымен қатар, бұл ақпарат SMS-хабарламалары мен push арналары арқылы да келеді.
«Мысалы, сіз жол қозғалысы ережесін бұзғаныңыз үшін айыппұл туралы смартфонға хабарламаны алғанда оны бірден eGov қосымшасы арқылы төлей аласыз. Бұл шын мәнінде өте ыңғайлы», - дейді Уаисов мырза.
Кейбір қызметтерді алу үшін ұялы ЭЦҚ қолдану қажет. Ол үшін ЭЦҚ сақтай алатын арнайы SIM-картасын немесе сол ЭЦҚ файлын смартфонға көшіріп қолдануға болады. Қазіргі кезде ЭЦҚ жазылған SIM-карталар Altel мен Beeline абоненттеріне қолжетімді, қалған операторлар бұл жаңашыл сервисті өздерінің техникалық әзірлігіне қарай еңгізбекші. Ұялы телефонды жоғалтқан жағдайда пайдаланушы өзінің Жеке кабинетіндегі дерекнамасын бұғаттай алатынын ескере кетейік.
Қазіргі таңда, Қазақстанда Мобильді үкімет арқылы 4,5 миллионға жуық қызмет көрсетілген болса, eGov қосымшасы 365 мыңнан аса рет жүктелді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары