- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша Азияның он үздік елдер қатарына кірді
Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша Азияның он үздік елдер қатарына кірді
Сонымен бірге БҰҰ-ның жаһандық рейтингісі бойынша Қазақстан 33 орынды иемденіп барлық ТМД елдерінен алда екенін атап өткен жөн.
Электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша биылғы ең үздік көрсеткіш Ұлыбританияда, одан кейінгі кезек Австралияда болса, үшінші орынды өткен жылдардың көшбасшысы Оңтүстік Корея иемденіп отыр. Жаһандық рейтинг бойынша АҚШ - 12 орын, Ресей - 35 орын, Қытай - 63, Өзбекстан мен Қырғызстан - 80 мен 97 орындарда.
БҰҰ-ның электрондық үкімет даму индексі (The UN Global E-Government Development Index немесе EGDI) дегеніміз – мемлекеттердің азаматтарға ақпараттық және коммуникациялық технологиялары арқылы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етудің әлеуеті мен әзірлігін бағалайтын кешенді көрсеткіш. Осылайша, 2016 жылы Қазақстанның композиттік индексі 0,7250 ұпай құраса, жаһандық орташа EGDI 0,4922 ұпай деңгейіне бекітілген. Бұл индекс адам капиталының дамуы, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен онлайн қызметтер іспетті 3 көрсеткіштен құрылады. Рейтинг пен оған қатысты көрсеткіштер әр екі жыл сайын БҰҰ сарапшыларымен есептеліп дайындалады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды