- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу рәсімі жеңілдеді
Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу рәсімі жеңілдеді
Енді, өтініш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлігін, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктік шотын ұсыну жеткілікті. Жеке кәсіпкер куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тіркеу туралы куәлік пен салықтары бойынша салыстырып тексеру акті қажет болады.
“Бұрын мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтік аударымдарды жұмыс орнынан берілген анықтамада көрсетілген сомалармен салыстырып тексеру жүргізетін және сәйкес болмаған жағдайда өтініш берушіге нақтылау үшін құжаттар қайтарылатын», -делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 12 айға орташа айлық табысын еңбекке жарамсыздық күнінің санын отыз күнтізбелік күнге бөлу арқылы алуға болатын еңбекке жарамсыздық (науқастанған) күнінің саны коэффициентіне көбейтумен айқындалады.
Мысалы, әйел орташа айлық табысы 95 000 теңгемен 12 ай ұйымда жұмыс істеді. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күн болса, еңбекке жарамсыздық күні санының коэффициенті 4,2 тең. Демек, жүктілігіне және босануына байланысты біржолғы төлем зейнетақы аударымдарын шегерусіз 399 000 теңгені құрайды, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Барлығы мемлекеттік корпорация арқылы жылдың басынан бері 97,5 мың жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындалды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар