- Басты
- Жаңалықтар
- «Денсаулық жолы - 2016» акциясы аясында 8 облыстың шалғай аудандары медициналық көмекке ие болады
«Денсаулық жолы - 2016» акциясы аясында 8 облыстың шалғай аудандары медициналық көмекке ие болады
25 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары облыстың Тасқалы, Сырым, Шыңғырлау, Ақжайық (Тайпақ ауылы) аудандарында флюорографиялық тексерулер өткізеді. Шара 25 тамызға дейін жалғасады. 8 және 9 тамыз күндері ЖМК Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Көкжайық, Үлгілі малшы ауылдарына барады.
Аталған күндері Павлодар облысы Лебяжі ауданы Тозағаш, Шарбақты, Қазантай, Шақа ауылдарының тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.
“8-12 тамыз күндері терапевтік, эндокринологиялық, кардиологиялық, педиатрлік, офтальмологиялық, онкологиялық, фтизиатриялық қызметтердің мамандары бар мобильдік медициналық бригадалар, сонымен қатар, ЖИТС орталығы мен СӨС аймақтық орталығының мамандары Оңтүстік Қазақстан облысының 14 ауданы мен қалаларына барады. Бұл – Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Ордабасы, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Түлкібас, Төле би, Түркістан, Кентау, Созақ аудандары”, - делінген хабарламада.
Аталған кезеңде терапевтік, эндокринологиялық, кардиологиялық, онкологиялық қызметтері мен СӨС аймақтық орталығының мамандары Алматы облысы Қаратал ауданы Көлпе ауылы, Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы, Жамбыл ауданы Қайназар ауылдарының тұрғындарын тексереді.
8-12 тамыз аралығында флюромашина мен жылжымалы медициналық кешенді іске қосу арқылы Алматыдағы балаларға арналған интернаттарда профилактикалық тексерулер жүргізілетін болады.
10 тамызда құрамында кардиолог, акушер-гинеколог, хирург, жалпы практика дәрігерлері мен клиникалық зертхана мамандары бар медициналық бригаданың Атырау облысы Махамбет ауданына баруы жоспарланып отыр. 11 және 12 тамызда дәрігерлер бригадасы (окулист, уролог, кардиолог, гастроэнтеролог, ревматолог) Ақмола облысының Астрахань, Егіндікөл аудандарына барады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі