• Басты
  • Жаңалықтар
  • Африка Одағы елдері жаһандық ядролық қарусыздану мәселелері бойынша Қазақстанды қолдайды - Нкодо Данг

Африка Одағы елдері жаһандық ядролық қарусыздану мәселелері бойынша Қазақстанды қолдайды - Нкодо Данг

4 Тамыз, 2016 16:18
Мидранд (ОАР) қаласында Оңтүстік Африка Республикасындағы Қазақстанның елшісі Талғат Қалиев Панафрикандық Парламент Президенті Нкодо Дангпен кездесті, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Р. Нкодо Данг сөз барысында Африка Одағы елдері жаһандық ядролық қарусыздану мәселелері бойынша Қазақстанды қолдайтындықтарын мәлім етті.

Әңгіме барысында ОАР-ғы ҚР дипломатиялық миссиясының басшысы әңгімелесушісіне алда болатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік аясында Қазақстанның басымдылықтарын айтып өтті және Астана Африкалық континент үшін энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі , халықты сумен қаматамасыз ету сынды  өзекті проблемаларға аса қатты көңіл бөлетіндігін айтты.

СІМ мәліметі бойынша, ерекше назар Қазақстанның ИЫҰ шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорын құру туралы бастамасына және Астанада болатын «ЭКСПО-2017» көрмесіне  бөлінді.

Р. Нкодо Дангтың хабарлауынша, Африка одағы елдері үшін Қазақстанның дамуы аса маңызды.

Барлық жаңалықтар