• Басты
  • Қазақстандық мергендер түнгі оқ атуларда барлық позициялар бойынша озық шықты (ФОТО)

Қазақстандық мергендер түнгі оқ атуларда барлық позициялар бойынша озық шықты (ФОТО)

4 Тамыз, 2016 20:33
«Мерген шебі» байқауының бірінші кезеңіндегі жеке сынақта қазақстандық команда барлық оқ ату түрінен үздік шықты. Біздің мергендер бірдей ең үздік уақытты көрсете отырып, барлық нысананы дәл көздеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Әлемнің 12 елі арасынан түнгі сайыста дәлдеп атудан шеберлерін анықтауда жеңіске жеткен біздің әскери қызметшілер тағы бір мәрте өз кәсіби деңгейін іс жүзінде танытты. Байқауда шеберлігі мен дене шыдамдылығын сынағандар Қытай, Ресей, Венесуэла, Қырғызстан, Беларусь, Зимбабве, Үндістан, Иран, Моңғолия, Грекия және Армения мергендері.

Қатысушыларға шабуыл жасауға үш нысана берілді: ара қашықтығы 200-250 және 300-400 метрді болатын «Кеуде мүсіні», сондай-ақ, «Оқшашарлық есептоп». Бұл нысананы 500-600 метр қашықтықта тұрып ату керек болатын. Сайысқа қатысушылар Драгунов – СВД-С мерген мылтығынан атыс жүргізді. Түнгі жағдайда нормативтерді тапсыру түнде көздеуге арналған «Аселсан» қазақстандық өнімін қолдану арқылы орындалды. Аталған «Мерген шебі» байқауы 9 тамызға дейін жалғасатынын айта кеткен жөн.

«Мәтібұлақ» полигонындағы Отар 40-шы әскери базасында дәл қазіргі уақытта қызу өтіп жатқан армия ойындарын барлық ниет білдіргендер  көруге болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми  сайтында күнде халықаралық ойындардың тікелей көрсетілімі жүргізілуде.

 

Барлық жаңалықтар