• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы қазақстандық ЖОО-ларға 123 шетелдік абитуриент қабылдау жоспарланған

2016 жылы қазақстандық ЖОО-ларға 123 шетелдік абитуриент қабылдау жоспарланған

4 Тамыз, 2016 11:26
Халықаралық келісімдерге байланысты қазақстандық жоғарғы оқу орындарына 123 азаматты қабылдау көзделген. Бұл туралы БҒМ жоғарғы және ЖОО-дан кейін білім алу департаменті директорының міндетін атқарушы Гүлзат Қабенова Л. Гумилев атындағы ЕҰУ өткен жиында.

«Халықаралық келісімдерге байланысты қазақстандық жоғарғы оқу орындарына 123 азаматты қабылдау көзделген.  Қазақстандық жоғарғы оқу орындарына Тәжікстаннан 90-нан астам адам, Қырғызтан-4 адам, Қытай – 20 адам, Моңғолия – 1 адам, Украина- 1, Беларусь-3, Мысыр-1, Ауғанстан-46. Жалпы, халықаралық келісімдер бойынша  қазақстандық оқу орындарына 123 азаматты қабылдау көзделген. Қалған 51 білім беру гранты ваканттық болып есептеледі», - деді ол.

Г.Кабенова айтып өткендей, жыл сайын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Тәжікстан елінің азаматтарына 100 орын беріледі.

«Биыл елдің үкіметтері арасында келісім орнатылып, 2007  жылдан бастап Тәжікстан азаматтары  дайындау бөлімдерінде оқытылмай, бірден ЖОО-да бірінші курстан бастап білім алады», - деді ол.

Оған қоса, биыл дайындау бөліміне қатысқан адамдар да қабылданады.

«Тәжікстанның 93 азаматының 77 азаматы келді, қалған 16 адам өз себептері бойынша келел алған жоқ. Тәжікстанның білім министрлігінен 20 азаматты жаңа келісім бойынша қабылдау нұсқаулығы келді. Оған қоса, Тәжікстанның білім министрінен тәжік азаматтарының білім алуына қолдау көрсету сұранысы түскен соң, олар үшін арнайы 100 орын бөлінді», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар