- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 95 жеке мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі ашылды
Алматыда 95 жеке мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі ашылды
Мысалы, Самал-2 ықшам ауданында 120 орынды №115 жаңа бала бақша-ясли ашылды, оны мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында « BAUR Kazakhstan» компаниясы салды. Бұл бала бақша қала меншігіне беріліп, жаңадан тұрақты 35 жұмыс орны пайда болады. Сондай-ақ, «Самал Deluxe» ТК-де 54 орынды «Kinderland» бала бақшасы ашылады.
Мегаполис басшысы маңызды әлеуметтік нысандардың бой көтеруі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеру бойынша берілген тікелей тапрсымасының аясында жүзеге асып жатқандығын атап өтті.
Үстіміздегі жылдың қазан айында қазақша дәріс беретін 600 орынды №168 мектеп іске қосылады. Мектеп құрылысы европалық стандарт бойынша салынып, қажетті инфрақұрылымдармен толық қамтамасыз етіледі.
«Біз МЖӘ аясындағы инфрақұрылымдар құрылыстарын жан-жақты ынталандыратын боламыз. Бүгінгі күні қалада емханалар, мектептер салынып, жаңа жұмыс орындары ашылуда, бұлардың барлығының мультипликативті тиімділігі бар. Жыл басынан бері қарай Алматыда 95 жеке мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды, жыл аяғына дейін тағы да 52-сін ашу жоспарлануда. Есептеулерге сәйкес, тек 95 жеке орталықтардың өздері қала бюджетін 10,5 млрд. теңгеге үнемдеді, бұған экономика үнемін, ағымдағы шығындарды, қызмет көрсетуді және басқаларын қосыңыз» - деді Б.Байбек.
Ол мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бойынша қаланың дамуына, жұмыс орындарын ашуға, белсенділікті арттыруға едәуір қаржының бөлініп отырғандығын жеткізді.
Жалпы, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматының бюджетіне 666,2 млрд. теңге түсті, бұл өткен 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 23%-ға көп.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде