• Басты
  • Жаңалықтар
  • М. Әшірбаев: Азаматтарға арналған үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді

М. Әшірбаев: Азаматтарға арналған үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді

4 Тамыз, 2016 09:34
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы сыбайлас жемқорлықтың мүмкін фактілерінің алдын алуға бағытталған нысаналы жұмыс жүргізуде, бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

- Мухамедғали Шыршықбайұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» қандай ауқымды фронт-офис желісін ұсынатыны бәрімізге белгілі. Құқықбұзушылық фактілерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жұмыс жүргізілетіндігін айтып берсеңіз?  

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының аясында сыбайлас жемқорлық көрінстерінің туындау шарттары мен себептерін жою үшін нақты шаралар атқарылуда. Бірінші кезекте, азаматтар үшін  сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз, сонымен ішінде, прокуратура органдары  мен мемлекеттік қызмет істері және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сенім телефондары арқылы, бірыңғай байланыс орталығына және goscorp.kz. мемлекеттік корпорацияның ресми сайты арқылы хабардар беретін жағдайлар жасалды.

Интеренттің белсенді пайдаланушылары үшін твиттер, фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінде мемлекеттік корпорацияның ресми парақшалары жұмыс істейді, онда олар «Азаматтарға арналған үкіметтің»  жұмысы туралы мәселелермен немесе ізгі ниеттерін білдіру үшін жүгіне алады. Біз тек қана әлеуметтік желілердегі парақшаларды жүргізіп, сұрақтарға жауап беріп қана қойматынымызды айта кету керек, біз сондай- ақ, азаматтардың фронт-офистердің жұмысы туралы жалпы пікіріне белсенді мониторинг жасаймыз, клиенттердің хабарламалары мен шағымдарын қадағалаймыз, оларға қысқа мерзім ішінде әрекет етуге тырысамыз. Осылайша, жарты жыл ішінде әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың 30-дан астам сұрақтарына жауап бердік.

-Мамандандырылған ХҚКО жұмысы қалай құрылады? Мамандандырылған ХҚКО пайда болмай тұрып, автокөлік немесе жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде ресімдеуге көмектесетін «жүгірмектер» туралы аңыздар айтылып келген.

- Мамандандырылған ХҚКО аумағында көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру  кезде заңсыз қызметтерді  ұсынатын тұлғаларды анықтау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері патрульдеу жүргізеді. Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде Астана және Алматы қ. мамандандырылған ХҚКО аумағында сақтандыру және де автокөлікті рәсімдеу бойынша өзге де қызметтерді көрсететін 20 – дан астам адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Мұндай іс-әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзушылық ретінде бағаланады (қоғамдық орындарда тиісу) және 5 АЕК әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға  әкеп соғады ( ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы).

Сондай-ақ, қызмет көрсету кезінде қызмет алушыларды фотоға түсіру арқылы сәйкестендіру жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері мамандандырылған ХҚКО ғимараттарында азаматтарды қабылдауды жүргізеді, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, мамандандырылған ХҚКО инспекторларын басқа бөлімдерге ауыстыру тәжірибеленуде, өтініш берушінің жеке өзі болмаған кезде ақпараттық анықтамаларды беру  фактілерін болдырмау күшейтілген бақылауда тұрады.

Содан кейін, «жүгірмектер» мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді жеделдетеді деген ақпарат – бұл аңыз. Өзіңіз ойлап қараңыз, көлік құралын қайта тіркеу қызметі екі сағат ішінде көрсетіледі, ал осы жылдың шілде айынан бастап пилоттық режимде бір сағатта қызмет көрсету іске қосылды. Мерзімді қысқарту Мамандандырылған ХҚКО инспекторларының ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқығынсыз қолжетімділік алғандығының арқасында мүмкін болды.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретінде мүмкіндіктері қаншалықты кең?

- Мемлекеттік корпорация – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал! «Азаматтарға арналған үкімет» сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою үшін мемлекеттік қызметті «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсету үшін құрылған. Мемлекеттік корпорацияның басты оң қасиеттері – барлығына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуі, әртүрлі органдардың мемлекеттік қызметтерін бір жерде алуға мүмкіндігінің жасалуы, сондай-ақ, құжатты орындаушы мен клиенттер арасында тікелей байланысты болдырмау.

Бұрын мұндай қағидат бойынша тек халыққа қызмет көрсету орталықтары ғана жұмыс істеген. Төрт әртүрлі құрылымның: ХҚКО, ЗТМО,  ЖерҒӨО, ЖМО бір мемлекеттік корпорацияға біріккен уақытынан бастап  зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтарының фронт-офистері де осы қағидат жұмыс істеуге көшті. Егер бұрын ЗТМО азаматтарды кесте бойынша дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден түскі үзіліске дейін қабылдаса, ал қазір қызметті алушы дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін 9.00–ден 20.00-ге дейін жүгіне алады. Сондай- ақ, мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт–офистерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Әрбір офисте мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе кедергісіз қызмет, электронды кезек енгізілген, сондай- ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін ахуалдық орталыққа қосылған. Мемлекеттік корпорацияда офистерді жаңғыртумен бірге құжаттар пакетін және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту бөлігінде  қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы азаматтар 530 мемлекеттік қызмет түрін ала алады, ал жақында  мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік корпорацияға беру үшін тағы қызметтің 53 түрін анықтады. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» фронт- офистері арқылы 583 қызмет түрін алатын болады.

-Ахуалдық орталық туралы, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесін қалай бақылайтындығын толығырақ айтып берсеңіз?

-2011 жылы  ХҚКО қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ахуалдық орталық құрылған болатын, онда барлық бөлімдер бойынша бейнебақылау жүргізіледі, мамандар нақты уақыт режимінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып жатқан барлық жайттарды бақылайды және қажет болған жағдайда, кез-келген ХҚКО–ның қызметкерлерімен филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел байланыса алады. Ахуалдық орталықта мониторинг жүргізуден басқа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жүйелі бақылау жүзеге асарылады. Мемлекеттік корпорация құрылғаннан бастап ЗТМО фронт- офистері де ахуалдық орталыққа қосылады.

Айтпақшы, жұмыс сапасын бағалау жүйесі әрбір мемлекеттік қызметті алушыға тікелей қызмет көрсету барысында испектордың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерге біз күнделікті мониторинг жүргіземіз. Егер, қызмет алушы «жаман» баға қойған жағдайда, ахуалдық орталықтың қызметкерлері мәселенің туындау себептерін жан-жақты анықтап, оны шешу жолдарын қарастырады.

- Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігі туралы көп айтылып жатыр. Бұл процесс қаншалықты ашық?

- Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «ХҚКО ЫАЖ» ақпараттық жүйесі пайдаланылады, ол құжаттардың бастапқы кезеңнен аяғына дейін жолын бақылауға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалауына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәл осы жүйе қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жүйе нақты уақыт режимінде ағымдағы жұмыс барысын көрсетеді және оның нәтижелерімен бірден береді. Клиент электрондық кезек талонын алға, соң, ақпараттық жүйеге автоматты түрде түседі, содан кейін біз келушіге сапалы қызмет көрсетілуін, ал  процесс стандарт бойынша қызмет көрсету уақытынан аспауын бақылап отырамыз. ЫАЖ жүйесінде  сондай-ақ, клиенттің кезек күту уақыты да ескеріледі, ол да қатаң түрде шектелген. Осы ЫАЖ жүйесінің арқасында қазіргі уақытта кезектің қайда және қашан жиналғанын бақылауға, фронт-офистерге жүктемені бағалауға, кез келген кезеңде клиенттердің келу статистикасын және  құжаттың дайындығы қаңдай сатыда екендігін көруге болады.

Бүгінгі таңда, ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың арқасында, тек құжаттарды қабылдауды ғана емес, сонымен қатар құжаттары қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қандай сатысында екендігін қадағалауға болады. Мемлекеттік қызметтердің уақытылы орындамалғаны үшін мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.

Құжаттың дайындық сатысын бақылауға мобильдік үкіметте тіркелу де мүмкіндік береді. Қаласаңыз, сіз өзіңіздің ұялы телефоныңызға құжаттың дайын болуы туралы SMS хабарламаны ала аласыз. Электрондық үкімет порталының жеке кабинет және 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау осындай мүмкіндікті береді.

Біз сыбайлас жемқорлық көріністерін жою үшін мемлекеттік қызметтерді көп бөлігін автоматтандыруға тырысамыз, өйткені мемлекеттік қызмет алу барысында «буындар» саны неғұрлым аз болса, процесс соғұрлым айқын болады. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды бір ұйымда енгізу жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл қоғам күресуі тиіс.

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар