«Даму» филиалы Астанада 8,5 млрд теңгенің 42 келісіміне қол қойды

3 Тамыз, 2016 18:23
«Даму» өңірлік филиалының қоры 8,5 млрд теңгенің 42 келісіміне қол қойды, деді «Даму қоры» АҚ өңірлік филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан Нұр Отан» партия филиалында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды талқылау барысында.

«Даму» өңірлік филиалының қоры  8,5 млрд теңгенің  42 келісіміне қол қойды. 1,3 млрд теңгенің 46 кепілдемесі мақұлданды», - деді Е.Марғұлан.

Ол айтып өткендей, филиал кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бойынша  жұмысты  белсенді жүргізуде.

«Шағын және орта бизнестің топ менеджментін оқыту  жобасы бойынша  Астана қаласының 16 кәсіпкері  «Назарбаев Университет» АҚ  бизнес мектебінде білім алды.  «Даму көмек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  демеушілік көмекке мүмкіндігі шектеулі 6 кәсіпкер көмекке ие болды», - деді ол.

Орталық бірінші жарты жылдықта 2 мың 877 консультативтік қызмет көрсетті. Оның  2 мың 492 бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүзеге асырылды. «Жаңа бизнесті дамыту»  жобасын жүзеге асыру аясында семинар өткізілді, оған 20 адам қатысты.  Е.Марғұлан айтып өткендей,  ҚР Ұлттық қоры  1,5 млрд теңгені БЖЗҚ есебінен Астанаға бөлді.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар