- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Қазығұрт ауданында ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде (ФОТО)
ОҚО-ның Қазығұрт ауданында ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде (ФОТО)
Бүгінгі таңда ауданның Қазығұрт ауылындағы 13 жолға орта жөндеу жүргізіліп, ұзындығы 9 шақырымға жуық көшенің жұмыстары аяқталу үстінде. Атап айтқанда, таяу күндері елді мекендегі А.Жұбанов, Фахруддинов, Д.Нүрпейісова, Гагарин, Ғ.Мұратбаев, Еділов, Жамбыл, Бұғыбаев, С.Мұқанов, Жанкелдин, М.Мақатаев, Б.Момышұлы және С.Сейфуллин көшелері асфальтталып, жаңа кейіпке енетін болады.
Орта жөндеу жұмыстары Шарбұлақ ауылында да жүргізілуде. Асфальт төселіп жатқан Әшіров пен Төлеев көшелерінің жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайды.
Жолдарды реттеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғаса бермек. Мәселен, алдағы қазан-қараша айларында ауданның 1 мамыр – Аққұм елді мекендерін жалғайтын 10,1 шақырым жол мен «Ақбура» бұлақ көзіне баратын 4,9 шақырым және Аманкелді елді мекеніне баратын 16,4 шақырым жолдарға қайта құру, күрделі және орта жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының аясында жасалатын жұмыстардың ішінде 31,4 шақырым аяқжол, 16,2 шақырым ішкі шаруашылық көшелерді орта жөндеу жұмыстары да бар.
Айта кеткен жөн, 2012-2015 жылдар аралығында Қазығұртта облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шақырымы жөнделді.
Аудан аумағындағы жалпы жолдар 664,1 шақырымды құраса, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 49 шақырымды, облыстық маңызы бар жолдар 278 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 337,1 шақырымды құрайды.
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру