Астанада шағын және орта бизнестің субьектілері 6 % -ға өскен

3 Тамыз, 2016 17:56
Астанада шағын және орта бизнестің 6 % -ға өскендігі байқалады, деп Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Әлия Қожабаева елорадық «Нұр Отан» партия филиалында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды талқылау барысында мәлім етті.

«Жалпы алғанда, республика бойынша шағын және орта бизнес оң динамикаға қол жеткізді. Астана бойынша ағымдағы жылдың 1  шілдесіне 129 мың 643 шағын және орта бизнестің субъектісі тіркелді.  Олардың ішінде заңды тұлғалар – 47 мың 723, жеке кәсіпкерлер – 81 мың 914, ауыл шаруашылық – 6. Бізде өсімнің үрдісі болып жатыр, 2015 жылдың қаңтар-маусым айына қарағанда, биыл ол 6 пайызға ұлғайды»,-деді Ә. Қожабаева.

Оның айтуы бойынша, қолданыстағы субъектінің саны 102 мың бірлікті құраған.

«ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар-мамыр  айларында Астана қаласының экономикасына жалпы сомасы 557 млрд теңге болатын несие берілген. Олардың ішінде ШОБ-қа – 320 млрд теңге берілді. Өткен жылғымен салыстырғанда, өсім 8 есе болды. ШОБ саласында жұмыс істеп жатқандардың саны 2016 жылы 282 мың бірлікті құрады. 2015 жылмен салыстырғанда ол 9 пайызға ұлғайды»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар