- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев ТЖК-ге Қорғас өзенінде су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды
Б.Сағынтаев ТЖК-ге Қорғас өзенінде су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды
Маусым және шілде айларындағы нөсерлі жауынның салдарынан Қорғас өзеніндегі су көлемі артып, салынып бітпеген бөгеттің бір бөлігін, айналма автокөлік жолының қоршауын, «Қорғас» Халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығының ЭБЖ төрт тіреуін су шайып кетті. Алдағы уақытта су тасқынынан қорғау мақсатында өзен арнасында түпті тереңдету және ағысты бағыттау жұмыстары жүргізілді, жағалауларды нығайту үшін арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады pm.kz.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне Қорғас өзенінде су өткізу бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін әзірлеп, бекітуді, ал «Қазселденқорғау» ММ-не су тасқыны жағдайын бақылауды және хабарлауды күшейтуді тапсырды.
Бұдан өзге, еліміздің мемлекеттік органдары зақымданған нысандарды қалпына келтіру бойынша шаралар қолдануы, 2016-2017 жылдары су тасқынын апатсыз өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруы, Қорғас өзеніндегі «Достық» су торабынан төмен арна қалыптастыратын және қорғау құрылыстарын салу жобаларын жүзеге асыруға кірісуі тиіс.
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары сондай-ақ ІІМ және СІМ-не 2016 жылдың соңына дейін ҚХР-мен «Селден қорғайтын Шүкірбұлақ бөгеті» жобасын келісуді және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады