Жамбыл облысында өндіріс көлемі жарты жылда 3,2 пайызға көбейді

3 Тамыз, 2016 20:16
Жамбыл облысында 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша өндірістік өнім көлемі 3,2 пайызға өсті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім 10,7  пайыздан 41 пайызға өскен, жеңіл өнеркәсіп мен металлургия саласында байқалды.

2,2 есеге аяқ-киім өндіру өсіп, кондитерлік және сүт өнімдері, былғары өнімдерінің шығарылуы өсті.

Индустрияландыру картасы аясында сегіз инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның жалпы құны 15,7 млрд теңге, 380 жаңа жұмыс орнын ашпақ.

«3,7 млрд теңгенің 3 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 175 жұмыс орны ашылды»,  - делінген хабарламада.

Оған қоса, негізгі капиталған құйылған инвестиция көлемі 3,4 есеге көбейді.

ШОБ субъектілері 63,1 млрд теңгенің өнімін шығарды. 

Барлық жаңалықтар