- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғандағы зауыт тәулігіне 100 тонна қоқыс өңдеуді жоспарлап отыр
Талдықорғандағы зауыт тәулігіне 100 тонна қоқыс өңдеуді жоспарлап отыр
Кәсіпорын директоры Гүлнар Мадыбаеваның айтуынша, жобаның құны 250 млн. теңгені құрайды. Мұнда италияндықтардың идеясымен Қытайда жасалған қондырғылар орнатылған. Инновациялық жоба халықаралық стандартқа сәйкес шикізатты қалдықсыз өңдейді.
Кәсіпорынның жобалық қуаты күніне 50 тонна қалдық өңдеуге қауқарлы. Зауыт резеңке, пластик, қағаз, медициналық қалдықтар, тіпті мал өлекселерін де өңдеп, олардан газ, қара май, жанар-жағармай, техникалық көміртегі мен жартылай кокс ала алады. Бұл өнімдердің бәрін қайталай өндіріске қолдануға мүмкіндік мол. Тіпті, өңдеу жұмысынан кейінгі күйенің өзі баспаханаларда бояу ретінде қолданылады, сондықтан оған да сұраныс бар.
Зауыт мұржасынан түтін мен зиянды заттар шықпайды. Себебі шикізат жанғанда одан шығатын түтін пеш ішіндегі катализаторда, арнайы дайындалған су бассейнінде сүзіліп қалады. Сондықтан сыртқа тек ақ түтін мен бу ғана шығады. Мұнда әзірге 30 адам жұмыс істейді. Зауыт толық қуатына шыққанда жұмысшылар саны тағы да толыға түспек.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі