ОҚО-ның 2 мың тұрғыны «Денсаулық» пойызында медициналық көмекке ие болды

3 Тамыз, 2016 16:38
«Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызы Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Монтайтас, Ленгір, Тоғыс елдімекендерінің тұрғындары емдік көмекке жүгінуде үлкен белсенділік танытты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ.

«Денсаулық» пойызында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Апат медицинасының темір жол ауруханасының»  АҚ Шымкент филиалының кәсіби дәрігерлері қызмет көрсетті. Мамандардың қатарында: терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог, кардиолог, окулист, хирург, маммолог, стоматолог, функционалды диагностика дәрігері,  УДЗ дәрігері,  эндоскопист,  рентгенолог бар.  Халықты қабылдау, диагностикалық тексеру, зертханалық сараптама, стоматологиялық көмек тұрғындарға тегін көрсетіледі.

Пойыз өзінің Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы жұмысын Түлкібас ауданынан бастады. Пойыздың вагондары барлық диагностика кешендерін жүргізетін және ауруларды емдейтін қазіргі жаңа клиникалық-диагностикалық, аспаптық және рентгенологиялық жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар онда ішкі амбулаториялық операциялар жасалады және стоматологиялық көмектер көрсетіледі.

Медициналық пойыз екі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі: көпшілікке қолжетімді медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету және қай жерде емделгеніне қарамастан тәуелсіз ауруларға бірыңғай жоғары сапалы медициналық көмек көрсету. «Денсаулық» пойызына 2016 жылғы 21 шілде–1 тамыз аралығында жалпы 22 544 аймақ тұрғындары келіп, 1600-і тексерілді. 

Барлық жаңалықтар