- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында әлеуметтік нысандарды жөндеуге 175 млн теңге бөлінді
Павлодар облысында әлеуметтік нысандарды жөндеуге 175 млн теңге бөлінді
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аппараттық кеңесте аймаққа келіп түскен бюджеттік қаражат маңызды жобаларды іске асыруға арналғанын атап өтті. 1,2 млрд теңге Ақсу қаласының шағын аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға, 140 млн теңге Ақсу қаласында салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы желілері мен абаттандыру жұмыстарына жұмсалатын болады.
376 млн теңге Кенжекөл ауылының су құбыры құрылысын жалғастыруға, 973 млн теңге «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ТКШ инфрақұрылымының ағымдағы орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ.
«Қосымша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік нысандарды жөндеуге арналған 175 млн теңге, Ленин және Майқайың кенттерінде, сондай-ақ Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында, Успен ауданының Константиновка ауылында су құбыры жүйесі құрылысын бастауға 440 млн теңге түседі», - деп хабарлады аймақ басшысы.
Әкім барлық мемлекеттік сатып алуларды уақтылы өткізіп, бөлінген қаражатты мерзімінде игеруді тапсырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді