- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның артиллерияшылары түнгі оқ атуларда бәсекелес командалардан озық шықты (ФОТО)
Қазақстанның артиллерияшылары түнгі оқ атуларда бәсекелес командалардан озық шықты (ФОТО)
«Армия ойындары шеңберінде бұл түнгі уақытта өткізілген алғашқы сайыс. Тартыс күрделі болды. Жауынгерлік қалыпта түнгі көру приборларымен жүргізу, минаатқыштан, гранатаатқыш пен автоматтан нысаналарға дөп тигізу – мұның барлығын Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэланың артиллерияшыларына түнгі мезгілде алғаш рет байқауда орындауға тура келді», - делінген хабарламада.
Әскери қызметшілер 2Б11 минаатқышынан, түнгі көздеуіштері бар РПГ-7В және АК-74-тен оқ атты. Минаатқыштан оқ ату радиусы 15 метр жеке құрамға арналған тасалары бар арнайы дайындалған ордан жүргізілді. Межеге дөп тигізу үшін әрбір командаға үш минадан берілді. Әрбір мүлт кеткен оққа бір айып шеңбері қосылып отырды.
Оқ атулар нысананы үздіксіз жарықтандыру үшін белгіленген қарқынмен «Оңтүстік» ӨңҚ 85395 әскери бөлімінің Д-30 122 мм гаубицаларының атыс есептоптарымен жүргізілді. Түнгі жағдайда оқ ату үшін қатысушыларға қазақстандық «Аселсан» өндірісінің түнгі көру көздеуіштері ұсынылды.
Оптика мергендерге түнгі уақытта оқ атуға, сонымен қатар, сайыстың кейбір сәттерінің түсірілімін жүргізуге мүмкіндік берді. Биылғы жылы ойындар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты арқылы алғаш рет тікелей эфирде көрсетілгені де ерекше болды. Қазақстанның минаатқыш есептоптары түнгі жағдайда барлық кедергілерді ойдағыдай еңсеріп, барынша жылдамдықта мәре сызығына жетті.
Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы үздік атанды. Екінші орынға Ресей тұрақтады, үшінші орынды Қырғызстанның командасы еншілесе, төртінші орынды Венесуэла місе тұтты. Қазақстанның командасы жеткілікті деңгейде дайындалғанын айта кеткен жөн. Байқаудың басынан бастап қазақстандық артиллерияшылар жоғары нәтижелер көрсетіп, барлық сынақтарда өздерін сенімді ұстауда.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы