- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентіне қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентіне қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады
Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.
Елбасы ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету, республиканың банкі жүйесін дамыту және екінші деңгейлі банктер арқылы экономиканы несиелендіру көлемін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ теңге бағамымен байланысты жағдайға қатысты тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Еркін айырбас бағамын енгізу туралы шешім дұрыс болды. Алайда, қазір белгілі келеңсіз жағдайлар орын алуда және оның себептерін тұрғындарға түсіндіру қажет», – деді Елбасы.
Ұлттық банктің төрағасы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамының әлсіреуіне әсер еткен факторларды айтып өтті.
«Биылғы алғашқы алты айда мұнай бағасы барреліне 27-ден 52 долларға қымбаттады, алайда шілдеде 52-ден 42 долларға –15%-ке арзандады. Барлық шикізат экспорттайтын дамушы елдерде осындай жағдай орын алды. Олардың ұлттық валюталары Қазақстандағы сияқты бекіп, кейіннен 2-3%-ке төмендеді. Шілдеде теңге шартты түрде 4,2%-ке әлсіреді, бұл қалыпты өзгеріс деп санаймыз. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Алдағы уақытта бағам қандай да бір жағдайларға байланысты өзгереді деп күтілмейді. Теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайындағы 2016 жылғы шілдедегі тербелісі ішкі экономикалық тұрақтылық үшін ешқандай қауіп төндірмейді», – деді Д.Ақышев.
Бұдан бөлек, Ұлттық банктің төрағасы елдегі инфляция үдерістерін ұстап тұру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы мәлімдеді.
«Жыл басынан бастап инфляция өсімі 5,2%-ті құрады. Осы көрсеткіште 2015 жылғы қыркүйек-қараша айларында баға тез өскен кезеңдегі бағамның түзету әсері қарастырылған. Бұл әсер енді артта қалды. Жылдың қорытындысы бойынша біз үкімет көздеген 6-8% инфляциялық дәлізге қол жеткіземіз деген сенім бар», – деді Д.Ақышев.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы