• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жарты жыл ішінде медиаторларға отбасылық және азаматтық-құқықтық дау бойынша 110-нан астам адам жүгінген (БЕЙНЕ)

Жарты жыл ішінде медиаторларға отбасылық және азаматтық-құқықтық дау бойынша 110-нан астам адам жүгінген (БЕЙНЕ)

4 Тамыз, 2016 09:16
2016 жылдың жарты жылдығында медиаторларға 110 адам жүгінген. Олардың көбісі отбасылық және азаматтық-құқтық дау бойынша болды, деп «Келесу» Кәсіпқой медиаторлар одағы» АҚҰ директоры Сара Ыдырысова дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

«Тараптар бір-бірін түсіну үшін қаншама уақытты кетіреміз. Кей кездері адамдар өз бойларындағы тәккәпарлықтан қателіктерін мойындамай жатады. Медиация өткізген кездері айтылған реніштері де шығады. Аталмыш жағдайда медиатор қызығушылық танытпаған тұлға, құпиялық міндеті бекітілген және ол жайылмайды. Оқиғаның нағыз себебі анықталғаннан кейін, адамдар бір-біріне қарсы келе бастайды»,-деді ол.

Сонымен қатар, С. Ыдырысованың айтуы бойынша, медиаторлардың да жұмыстарында қателіктер болып жатады. Ол медиаторлық келісімнің білікті құрылмауы, медиаторлар өте жоғары баға қойған кезде және халық арасында осыдан кейін, медиация шығыны көп рәсім ретінде таралып кетеді.  

«Осындай қателіктің көзін жою керек. Бізге медиаторлық келісім құрылғанымен кеңесуге жүгінгендер де болды, өйткені медиатор көп жағдайда бір жақпен ғана мүдделі болған. Содан кейін, бір жақтын өкілі жындыханада есепте тұрған. Егер біз өкілет арқылы медиация өткізуді айтатын болсақ, біз әрдайым тараптардың қатысуын сұраймыз»,-деді ол.

Индира Қауметова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар