- Басты
- Жаңалықтар
- Дуалды оқыту аясында УММТУ-дің 8 түлегі Павлодар мұнай химия зауытына жұмысқа қабылданды
Дуалды оқыту аясында УММТУ-дің 8 түлегі Павлодар мұнай химия зауытына жұмысқа қабылданды
Павлодар мұнай химия зауыты білікті мамандар – ең негізгі бәсекелестік басымдық болып табылатынына сенімді. Сондықтан кәсіпорында мектеп орындығынан бастап жеке кадрларды даярлауға жіті көңіл бөлінеді, деп "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз-қызметі хабарлайды.
Айталық, зауытта бірнеше жыл бойы Павлодар химия-механикалық колледжімен бірге әзірленген дуалдық бағдарлама жұмыс істеп келеді. Зауыттың басқа да әріптестері ішінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, сондай-ақ ең ірі ресейлік жоғары оқу орындарының бірі - Уфалық мемлекеттік мұнай техникалық университеті (УММТУ) бар.
УММТУ-мен ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Павлодар мұнай химия зауыты Павлодар облысы мектептерінің ең лайықты түлектерін оқыту үшін гранттар бөледі. Қатаң іріктеуден өткен абитуриенттердің «Табиғи энергия тасымалдаушыларының және көміртек материалдарының химиялық технологиясы» және «Химия өндірістерінің машиналары мен аппараттары» мамандықтары бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар.
Уфалық жоғары оқу орнының биылғы сегіз түлегі ПМХЗ-ға жұмысқа орналасып та қойды. УММТУ-дың бірінші курсын аяқтаған тағы да он студент міндетті оқу практикасын өту үшін зауытқа оралды. Екі аптаға студенттер қысқа мерзім ішінде олардың еңбек ету отбасы болатын ұжымның бір бөлігіне айналды. Жастар негізгі технологиялық кешендердің жұмысымен танысты, бірегей мультимедиялық оқулықтар бойынша оқудан өтті.
"Бұл менің зауытқа алғаш келуім емес. Химия-механикалық колледжінің 3-ші курсында оқып жүріп, Павлодар мұная химия зауытына келдім. Екі жыл бойы дуалдық оқу нысаны бойынша практикадан өттім. Ал өткен жылы колледжді аяқтаған соң, ПМХЗ арқасында мен және тағы да тоғыз адам Уфалық мемлекеттік мұнай техникалық университетіне оқуға аттандық. Оқуымыздың ақшасын ПМХЗ төлейді. Оның үстіне біз зауыт стипендиясын аламыз, бұл кез келген студент үшін жақсы демеу болып табылады. Әрине, стипендияның игері атану үшін сессияны берешексіз тапсыру қажет",-деп УММТУ студенті Төлеген Тоқсан айтты.
Практика жайлы айтсақ, ол негізінен теориялық сипатқа ие болды. Біздің сабақтарымыз басты технологиялық кешен жабдықтарының жұмысы туралы 3D-роликтерді көрсете отырып, оқу орталығының компьютерлік сыныптағы оқуды қамтыды. Осындай үлгіде берілген ақпарат өте қызықты және барынша қолжетімді. Практика жетекшілері сауатты зауыт мамандарды болды.
Кәсіпорын Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Айталық, осы жылы ПМХЗ алғаш рет екі абитуриентті Мәскеу қаласындағы И.М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетіне оқуға жібереді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды