Төзімділік пен үш тілділіктің дамуы – Қазақстан бірлігінің кепілі

3 Тамыз, 2016 11:53
Барлығына мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама жасалған. Аталмыш бағдарламаның маңызды алғышарты, ол Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына кіруі жатады. Мектеп оқушыларының үш тілді меңгеруінің маңыздылығы туралы ойымен Ақкөл ауданының мектеп-балабақша орта мектебінің директоры Людмила Ершова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында айтты.

«Үш тілділікке оңтайлы қараймын. Қазақстандық балалалар және ауылдық, қалалалық балалар әлемдік кеңістікпен бір деңгейде болуы тиіс. Олар тілді білулері керек  және сол тілде білім алуы тиіс. Ал оның барлығын бастауыш сыныптан бастамай, мектепке дейінгі жастап бастауы керек. Өйткені мидың 90 пайызы сол жас аралығында бейімделе бастайды»,-деді Л. Ершова.

Сонымен қатар, мектеп директоры мектептерде ағылшын тілі мен қазақ тілі мұғалімдерінің жетіспеушілігінің жоқ екендігін айтты.

Барлығына мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама жасалған. Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» Халықаралық стипендиясының мерейтойлы форумында қазақстандықтарды төзімділік пен үш тілділікті дамытуға шақырды.

ҚР Президенті айтып өткендей, қазақстандық төзімділік, түсінушілік пен шыдымдылық - Қазақстан бірлігінің кепілі.

Мемлекеттің ішкі бірлігі әлемдегі орын алып жатқан жағдайда төтенше маңызды. Со себепті мен үштілділік туралы айтып жатырмын. Қазақстан мемлекеттік қазақ тілін білуі тиіс. Орыс тілі – біздің көршіміздің тілі. Ал, ағылшын тілі әлемдік аренаға кіру үшін маңызды»,-деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар