2016 жылы Ақтөбе облысында 5 мыңға жуық отбасы баспанаға ие болады

3 Тамыз, 2016 10:07
Ақтөбе облысында 19 млрд теңгеден астам қаржы 2016 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында игеріледі, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы.

«2016 жылы өңірде барлық қаржыландыру көзінен 580 мың шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға  беріледі, қорытындысында 5000 отбасы өзінің баспана мәселесін шеше алады», - делінген хабарламада.

Биыл «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ арқылы 566 пәтердің құрылысы басталады. 28 мың шаршы метр алаңды үй 2017 жылы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үйінде беріледі.

Сондай-ақ,  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  Ұлттық қордың облигациялары арқылы  құрылыс жүргізу қарастырылған. Ақтөбе облысында бұл мақсаттар үшін 4,5 млрд теңге бөлінді.  1350 пәтерлік  үйдің құрылысын келесі жылы аяқтау көзделген.

Тағы 7,6 млрд теңге Ұлттық қордан бөлінді, ол жалға  беру  пәтерінің алаңы 50 мың шаршы метрді   пайдалануға «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша беріледі.

 

 

Барлық жаңалықтар