- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада жыл соңына дейін 80 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі (ФОТО)
Қызылордада жыл соңына дейін 80 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі (ФОТО)
Аймақ басшысы алдымен ұзындығы 6 шақырымды құрайтын С.Бейбарыс көшесінен бастау алатын «Қызылорда-Жалағаш» трассасына дейінгі магистральді көше құрылысымен танысты. Жол құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. 933 млн. теңге бөлінген.
Ені 9 метр болатын жаңа жолда автокөліктерге арналған 2 жолақты және жаяу жүргіншілер жолы мен велотрек болады. Жол бойында 6 аялдама салынады. Сонымен қатар, жағалау толықтай абаттандырылып, жарықтандырылады.
«Жаңа жол қаладағы көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл жол бөгеттің де қызметін атқарады. Аудандардан келген автокөліктер айналма жол арқылы қалаға кірмей әуежайға шығады. Яғни, қаладағы көлік кептелісі де азаяды. Ең бастысы жаңа жол сол жағалаумен байланыстыратын көпірге апарады. Тұрғындар демалып, велоспортпен шұғылдануға да ыңғайлы жер болады», - делінген хабарламада.
Мұнан кейін облыс әкімі «Арай-3» мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй құрылысын аралап көрді.
Қазір «Арай-3» жаңа мөлтек ауданында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 20 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Тек биылдың өзінде облыс орталығында 80 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары негізінен жыл аяғына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Сәулет» мөлтек ауданында «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы 50 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.
Облыс әкімі жақында ғана пайдалануға берілген «Бәйтерек» мөлтек ауданында да болды. Естеріңізде болса, 4 шілде күні 6600 азаматқа жер телімі табысталған болатын. Қазір бұл жерде инфрақұрылым желілерін жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін инженерлік инфрақұрылымға бөлінген 9,5 млрд. теңге игерілетін болады. Жеке тұрғын үй құрылысын бастаған қала тұрғындарын мемлекет есебінен су, электр, газбен қамту нысандары мен жолдар салынады. Сондай-ақ, мектеп, балабақша, емдеу мекемелері сияқты әлеуметтік нысандарды жоспарлау жұмыстары басталды. Келешекте бұл мөлтек ауданда 36 мыңнан астам қызылордалық тұратын болады.
Облыс орталығына Шиелі мен Сырдария аудандары арқылы кіретін жолдың бойынан қақпа салынып жатыр. Сонымен қатар, облыс әкімі қайта жаңғыртудан өткен Шымбай көшесін аралап көрді. Соңғы 3 жылда қаланың жол құрылысын дамытуға 15 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл қаражатқа 300 шақырымды құрайтын жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі