Электротехника және радиоэлектроника ЕАЭО елдерінде қауіпсіз болады

3 Тамыз, 2016 09:31
Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында «Электротехника және радиоэлектроника өнімдерінде қауіпті заттарды шектеу туралы» ЕАЭО-ның техникалық реттеу жобасы мақұлданды.

Ол Одақ ауданында электротехника мен радиоэлектроника өндіруде бірыңғай міндеттерді орнатады, деп ЕЭК хабарлайды.

Құжат адамның өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға арналған.

 Техникалық реттеменің жобасында бекітілген қауіпті заттарды пайдалануда шектеу қойылатын талаптар халықаралық тәжірибенің сәйкестілігіне келтірілген.

«Енгізілген бірыңғай ереже Одақ елдері арасында техникалық барьерлерді төмендетуге және электроника мен радиоэлектроника өнімдерінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деп хабарламада айтылған.

Қараша айында ЕЭК Кеңесінде техникалық реттеуді қарастыру жоспарланған және оның күшіне енетін нақты күнін анықтайды. 

Барлық жаңалықтар