- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік әскери қызметшілер қазақстандық ұшқыштардың шеберлігін жоғары бағалады
Шетелдік әскери қызметшілер қазақстандық ұшқыштардың шеберлігін жоғары бағалады
Армия халықаралық ойындарының салтанатты ашылу рәсімінің меймандары мен сайыстың шетелдік қатысушыларын әуе хас шеберлеріміз ұшақты басқарудағы жоғары сынамамен таңғалдырды. Жаңа Су-30 ұшағында подполковник Владимир Ткач пен Теміртас Ыбыраев жеке дара ұшақты басқаруды паш етті. Олар жоғары пилотаж, яғни, «Нестеров ілмегі», «Төбешіктегі жылдамдатылған бұрылыс», «Басқарылатын бұранда», «Қоңырау» және «Шағын жылдамдықтардағы үдемелі бұрылыс» фигураларын орындады. Су-27-нің үш ұшағы мен бір Су-30 жойғышы құрамында «Жетісу» пилотаждық тобы ұшу шеберлігін көрсетті. Топтың жетекшісі полковник Тимур Омаров, оның артынан жауынгерлік ұшақтарда подполковник Нұрлан Оразов пен Арслан Ғалымов, сондай-ақ, пилотаждық топты тұйықтаған полковник Ерлан Қозығұлов әуелетті. «Жетісу» тікұшақтары «Бәйтерек» бірегей тарқатуды орындап, салют берді. Ұшқыш полковник Талғат Сыздықовтың да өнері есте қаларлықтай болды. Қазақстандық ЕС-145 тікұшағында ол «Воронка», «Шиыршық», «Жылдамдатылған бұрылыс», «Төбешікте айналым жасау және бұрылу» күрделі пилотаж фигураларын орындады. Мұндай авиа-шоу барлық қатысушыларды тәнті етті. Ал қазақстандық ұшқыштарды іс-қимылда алғаш рет бақылаған кейбір шетелдік әскери қызметшілер олардың дайындығы мен шеберлігін жоғары бағалады. Бүгін, Қазақстанда Армия халықаралық ойындары – 2016 басталғанын естеріңізге сала кетейік. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» байқаулары еліміздің аумағында алғаш рет өткізілуде. Сайыс ашылу рәсімінен кейін бірден басталды және бір аптаға созылады. 9тамызда үздік мергендер мен артиллерияшылардың есімдері белгілі болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады