- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның артиллерияшылары өз есептобының алғашқы тартысында көшбасшы атанды (ФОТО)
Қазақстанның артиллерияшылары өз есептобының алғашқы тартысында көшбасшы атанды (ФОТО)
Біздің минаатқыш есептобының минаатқыш командирі сержант Ғани Дәулетовтің басшылық етуімен байқауды бірінші болып бастады. Тартысқа сондай-ақ, Қырғызстан мен Ресейдің командалары қатысты. Қатысушылар барынша жылдамдықта «Ирелең» және «Мина-жарылғыш қоршаудағы сорап өткелі» кедергілерін еңсерді.
Төрешілер механик-жүргізушілердің дайындығын, олардың қозғалыста маневрлерді жасау шеберлігін тексерді. Бұл ретте кедергіні бұзып өту кезінде әрбір жапырылған шектегіш үшін қатысушыларға айып уақытының 10 секундынан қосылып отырды. Одан кейін командалар РПГ-7В және АК74-тен оқ атуларды орындады. Содан соң есептоптардың командирлері көтерілетін нысана бойынша ПКТ оқшашарынан атысты орындай отырып, атысты бастау шебінде сүйретпелерді тоқтатып отырды. Межеге дейінгі қашықтық 300-400 метрді, оқ-дәрілер саны шағылдырғыш оқтары бар 12 патронды құрады. Дөп тигізілмеген нысанаға 300 метрлік бір айып шеңбері.
Бірінші тартыста командалар екі есептопқа бөлінгенін айта кеткен жөн. Бүгін сондай-ақ, Қытай мен Венесуэланың командаларына жеке жарыстан өтуге тура келеді. Олар бірінші сайыстың екінші есептобында өнер көрсетеді. Байқау төрешілерінің айтуынша, бұл тек алдын ала нәтижелер. Себебі, байқаудың барлық қатысушыларының бірінші кезеңінің қайталанбалы сайысы 4 тамызда өтеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген