- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Отандық автоөндіріс экономиканың басым бағыттарының қатарында
ИИДМБ: Отандық автоөндіріс экономиканың басым бағыттарының қатарында
Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша автоөндірістің Қазақстанның экономикасына қосқан үлесі 36,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігінің өкілі Қайсар Жұмабайұлы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
«Дағдарыс пайда болған соң сала біршама өзгеріске ұшырады. Көрсеткіштер 2013 және 2014 жылдардағыдай емес. Автоөндіріс бірқатар соққы алды. Бірақ, осы жағдайдың өзінде кәсіпорынның үлесі ЖІӨ құрылымында біршама үлесті қамтып отыр. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша автоөндіріс Қазақстанның экономикасына 36,6 млрд теңге құйды», - деді Қ.Жұмабайұлы.
Министрліктің ресми өкілі хабарлағандай, бұл сан өңдеу өнеркәсібінің бірқатар көрсеткішін арттырды.
ЖІӨ-ге үлес қосу жеңіл өнеркәсіп жұмысының қорытындысын – 34,7 млрд теңге, қағаз өнеркәсібі 20,3 млрд теңге, фармацевтикалық бұйымдар-18,7 млрд теңге, текстиль өнеркәсібі-18,3 млрд теңге, электроника өндірісі-17,2 млрд теңге және үш мәрте жиһаз көрсеткіші өсіп, 12,2 млрд теңге ағаш өңдеу өндірісі 10,6 млрд теңге.
Жалпы, мәлімет бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда 3 мың 772 автоөндірістік бірлік өндірілді, оның ортақ сомасы 36,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жүк транспорты мен жеңіл техника мен автобус бар.
2016 жылдың қаңтарында отандық кәсіпорын автоөндірісінің көлемі 404 бірліктен асты, 2016 жылдың маусымдағы қорытындысы бойынша шығу деңгей көлемі 1136 автоөндірісті құрады.
Қ.Жұмабайұлының айтуынша, жақын арадағғы қазақстандық автозауыттардың жоспары саланың қайта қалыпна келуін қамтамасыз етеді. Бекітілген барлық жобалар жүзеге асырылады. Екінші жарты жылда жағдай өзгереді.
Ботагөз Айтжанова
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек