• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтарда МӘМС қорының қаражатына байланысты ешбір алаңдаушылық болмауы тиіс – сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстандықтарда МӘМС қорының қаражатына байланысты ешбір алаңдаушылық болмауы тиіс – сарапшы (БЕЙНЕ)

2 Тамыз, 2016 17:32
Тұрғындардың МӘМС қорының қаражатына байланыста ешбір алаңдаушылық болмауы керек, өйткені үлкен сомадағы қолма-қол ақша Қазақстанның Ұлттық банкінде жинақталатын болады, деп ҚР ДСӘДМ Астана қ. медициналық қызметтерді төлеу департаменті бастығының орынбасары Ләззат Шоманова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі – ол жүйе және ол жерде байлар әлеуеті орташа жандар үшін төлейді, яғни, жоғары жалақы алатын азаматтар өздерінің жалақыларынан қорға қандайда бір пайыз беріп отыруы тиіс, ал жалақыны аз алатын азаматтар өздерінің шағын жалақыларынан шағын пайызды шегеру жолымен сол қызмет түрін алатын болады»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, МӘМС жүйесінде «әлеуметтік» деген сөз үлкен мағынаға ие. Мемлекет МӘМС қорына жарнаны келесідей санаттағы адамдарға қамтамасыз етеді: бұл балалар (18 жасқа толмаған азаматтар), кәселет жасқа келгендер және олар мектеп бітіріп, күндізгі оқуға түскен жағдайда және стулдент атанғанда мемлекет олар үшін жарна төлеуін жалғастыра береді.

«Халық арасында осы қордың қаражатына байланысты ешбір алаңдаушылық болмауы тиіс, өйткені үлкен сомадағы қолма-қол ақша Қазақстанның Ұлттық банкінде жинақталатын болады және оған Үкімет мониторинг жұмысын жүргізіп тұрады. Азаматтар өздерінің жарналарына ешбір алаңдамауына болады. Ол мемлекеттің бақылауында»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар