- Басты
- Жаңалықтар
- Мектеп формасын әрібір мектеп жеке таңдайды – БҒМ
Мектеп формасын әрібір мектеп жеке таңдайды – БҒМ
Қызығушылық танытқан азаматтар міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар белгіленген құжатпен «Әділет» нормативті құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің беттерінде таныса алады.
Мектеп формасын енгізу жөніндегі шешімдерді қабылдау барысында мектеп басшылығы мен ата-аналар осы талаптарды қатаң басшылыққа алу керек.
Аталған талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және оқушылардың арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталып отыр.
Мектеп формасының қандай болу керектігін анықтау құқығы мектеп педагогтары мен ата-аналар (қоғамдық немесе қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеті) еншісіне беріліп отыр.
Мектеп формасын енгізу мерзімін білім беру ұйымдары дербес белгілейді. Мысалға, мектеп формасын жаңа оқу жылынан енгізуді жоспарлайтын болса, онда бұл шешім ағымдағы оқу жылының 25 мамырына дейін жалпы мектептік жиналыста бекітілуі тиіс.
Білім басқармалары мен бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсына алады.
Ата-аналар мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін таңдай алады.
Ата-ананың міндеті – баланы оқу жылы басталғанша мектепте бекітілген форма үлгісі мен түсіне сәйкес киіммен қамтамасыз ету.
Мектеп басшылығының форманы нақты бір өндірушіден алуды талап етуге, сондай-ақ, мектепте оқушы киімдерін сатуды ұйымдастыруға құқығы жоқ.
Білім беру ұйымдарының басшылығы мен мұғалімдерінің ата-аналардан оқу формасын сатып алу мақсатында қаражат жинауына жол берілмеуі тиіс.
Мектеп кеңесі (ата-аналар комитеті) аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын мектеп формасымен «Мектепке жол" акциясы аясында және жаппай оқу қоры есебінен тегін қамтамасыз етеді.
Әр оқу мекемесі өзінің дербес мектеп формасын таңдай алады.
Республика бойынша бірыңғай мектеп формасын енгізу көзделмеген.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды