• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша проблемалық мәселелерді бақылауға қойды

К.Мәсімов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша проблемалық мәселелерді бақылауға қойды

2 Тамыз, 2016 16:23
Бүгін, 2 тамызда, Астанада Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады pm.

«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері туралы ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов баяндады. Оның мәліметінше, бағдарлама аясында автожол саласын дамытуға бөлінген 59,2 млрд теңге қаражат толық игерілді. «Білім беру саласында инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша қаржыландырудың 60,9 млрд теңге жылдық жоспар кезінде игеру 22,3 млрд теңгені құрады.    

Сонымен қатар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 2016 жылы 78,5 млрд теңге қарастырылған. 2016 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 30,5 млрд теңге бөлінген, оның 28,1 млрд теңгесі, немесе қаржыландыру жоспарының 92% игерілді.

Толық игерілмеу Алматы, Жамбыл, БҚО, Қостанай, СҚО, ОҚО және Астанада күтілуде.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып өткендей, қазіргі таңда 96 білім беру нысандарының (77 мектеп және 19 балабақша) құрылысы жүріп жатыр, алайда мұнда да бірқатар облыстарда қаражатты толық игермеу қатерлері бар.

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша Премьер-Министр Үкімет мүшелеріне бағдарламаны жүзеге асырудың уақытылы орындалуын және бөлінген қаражатты толық игеруді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Айта кетейік,  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы хабтық принцип бойынша тиімді инфрақұрылым құру негізінде еліміздің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру үшін жүзеге асырылады. Нәтижесінде ол жұмыс орындарын құруға, Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыртқы нарықтарда жағдаяттың нашарлау жағдайында экономиканың жекелеген секторларына қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

 

 

Барлық жаңалықтар