- Басты
- Жаңалықтар
- Абайдың туған жерінде отандық суретшілердің симпозиумы аяқталды
Абайдың туған жерінде отандық суретшілердің симпозиумы аяқталды
Бір апта бойы суретшілер Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқының ұлы перзенттерінің іздері қалған жерлермен жүріп, ауасын жұтып, көрікті де шежірелі Шыңғыстау өңіріне: Бөрілі, Күшікбай асуы, Тұма көлі, Жидебай, Үйтас, Кіші Орда, «Абай-Шәкәрім» кесенесі, Абай аналары - Ұлжан мен Зере зираты, Кеңгірбай би мазары, Шыңғыстау, Архат тауларының әсем жерлерінде, табиғат аясында плэнер өткізген болатын.
Баспасөз конференциясын Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков алғысөзімен бастап, симпозиумға қатысқан суретшілерге ризашылығын білдірді. Аталмыш шарада Астана қаласынан келген ҚР Көркемөнер Академиясының толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Суретшілер Академиясының төрағасы Ерлан Айтуаров, павлодарлық Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Өсербай Шуранов, академик, ҚР Суретшілер Академиясының толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, астаналық Мәжит Байтенов және семейлік суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Тілеуғазы Жұбанышев сөз сөйлеп, Абай мұражайының әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, мұражайға өз туындыларын тарту етті.
Көрмені тамашалаған келушілер атынан шежіреші, қаламгер М.Жанболатов ұлыларға тағзым етіп келген симпозиум қатысушыларына алғысын білдіріп, көрменің ерекшелігіне тоқталды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді