- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды
ҚР Президенті отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды
Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын хабарлады.
Бұдан бөлек, мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын кеңейту және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін арттыру талқыланды.
Мемлекет басшысы жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және экономикадағы энергия тасымалдауға артып отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру үшін шаралар қабылдау және төмен көміртекті даму мен «жасыл экономикаға» өтуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар туғызудың маңыздылығын атап өтті.
Энергетика министрі биыл мұнай өндіру көлемінің аздап азаюы әлемдегі негізгі энергетикалық ресурстарға бағаның құлдырауымен байланысты болып отырғанын атап өтті.
«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 38,8 млн тонна мұнай өндірілді. Ол өткен жылғы осы кезеңнің өндіру көлемімен салыстырғанда 97% құрайды. Биыл жыл соңына дейін өндіру көлемін 75 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 6,9 млн тонна мұнай өңделді, ол былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 5% артық», – деді Қ.Бозымбаев.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды