- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастық келісімге қол қойды
Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастық келісімге қол қойды
Келіссөз барысында тараптар жақын арадағы болашақта өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ, екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтіп, қорғаныс саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады.
Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің уағдаластығы негізінде біздің тарапқа 5 дана С-300 зениттік зымыран кешені берілді. Одан басқа, ресей тарапы осы кешендерге 170-тен аса зениттік зымырандарды тапсыру жөніндегі мемлекетішілік процедураны ресімдеуді аяқтауда.
ҰҚШҰ шеңберінде мүше мемлекеттер арасында әскери мақсаттағы өнімді транзиттеу және әскери тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беретін мемлекетаралық келісім жасасу бойынша мәселе қаралды.
Мұндай келіссөздердің маңызды нәтижелері ретінде ҚР мен РФ қорғаныс ведомстволарының торапты бірлесіп пайдалануға көшуді, қазақстандық мамандарды оқыту және бұдан бұрын ресей тарапымен пайдаланылған жер телімінің шекараларын қысқартуды көздейтін зымыранның шабуылы туралы алдын алу жүйесінде Балқаш торабын тапсыру және пайдаланудың жаңа шарттарын айқындау туралы келісімнің бекітілуін ойдағыдай деп атап өтуге болады.
«Әскери-техникалық ынтымақтастық саласында біздің әрі қарайғы жұмысымыздың жаңа шеңберін, жаңа шекарасын ашатын келісімге қол қойдық», - деп Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс ведомствосының басшысымен келіссөзден кейін хабарлады.
Өткен жылдан бастап әскери-техникалық ынтымақтастық туралы қазақстандық-ресейлік шарт қолданысқа енгізілгенін айта кеткен жөн. Аталған шарттың тетігі Қарулы Күштерімізге ресейлік армиясына секілді құны мен жинақталуы бойынша бірқатар заманауи қару-жарақтың жеткізілуіне мүмкіндік берді. Бұл Су-30СМ жойғыштары, Ми-171Ш пен Ми-35 әскери-көліктік және жауынгерлік тікұшақтары, радиотехникалық барлау және мониторингілеу құралдары, сондай-ақ, өзге де қару-жарақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары