• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан ядролық қару таратпау бастамасын көтеруде маңызды көшбасшы – сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстан ядролық қару таратпау бастамасын көтеруде маңызды көшбасшы – сарапшы (БЕЙНЕ)

2 Тамыз, 2016 14:53
Бүгінгі таңда Қазақстан тек ХҒТО-ң ғана емес, сонымен қатар, ядролық қару таратпау бойынша түрлі бастамалар көтеруімен маңызды көшбасшы болып табылады, деді Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарма Кеңесінің төрағасы Роналд Ф. Леман ІІ Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.

ХҒТО қару-жараққа қатысты ғалымдардың қызметін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді және ғылыми жаңалықтардың тарап кетпеуіне жол бермеу үшін құрылған болатын. Қазақстан бұл тұрғыда өте байсалды бастама көтеруде.

«Ғылыми-техникалық құралдармен біз аталмыш кеңеске қатысушы елдер үшін мақсатымызға жетуге ұмтыламыз. Қазақстан әу бастан-ақ ХҒТО-ң көшбасшысы болып келеді. Сол үшін де ұйымның негізгі шарасын Астанада өткізу, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас кеңсесін Мәскеуден Астанаға көшіру дұрыс шешім деп ойлаймын»,-деді ол.

Срапшының пікірінше, бүгінгі әлем үшін негізгі проблема бүгінгі әлемнің өте тез өзгеруі болып табылады. Адамдардың көпшілігі саяси және экономикалық өзгерістерге тап болып жатады.

«Біз де ғылым мен техникадағы өзгерістерді есепке ала отырып, ХҒТО-ты құрдық. Бүгінге технология тек жақсы дүниелер үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, оның зиянды бағытқа пайдаланылатын тұстары бар. Сондықтан, барлық елдердің бірге жұмыс істегені абзал»,-деді Рональд Ф.Леман.

Еске сала кетейік, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық - 1994 жылдан бері ТМД елдеріндегі ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландырып келе жатқан коммерциялық емес үкіметаралық ұйым. Ұйымның мақсаты -  ТМД елдерінің потенциалын денсаулық сақтау саласы, биотехнология, ауыл шаруашылығы, энергетика және жаһандық қауіпсіздік салаларындағы ғылыми-техникалық шешімдерді құруға бағыттау болып табылады. Бүгінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталық 1995 жылдан бері жүргізген қызметі аясында Қазақстанға 65 миллион, ал жалпы ТМД елдеріне 850 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлген.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар