Жамбыл облысында 150 орындық ауылдық жаңа мектептің құрылысы аяқталады

2 Тамыз, 2016 11:19
Жамбыл облдысы Әбжаппар ауылында 150 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталады.

Аймақ әкімдігі хабарлағандай, нысанның сметалық құны 386 млн теңгені құрайды. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

«Мектеп құрылысы 2015 жылдың сәуірінде басталған. Білім беру мекемесінің жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метр және 150 оқушыға арналған. Бұл типті жобаға екі қабатты ғимарат пен ойын алаңы кіреді»,-делінген хабарламада.

Балалардың негізгі айналысатын спорт түрлері футбол, волейбол және баскетбол болатыны айтылған.

Бұдан бөлек, жақын уақытта мектеп маңайы абаттандырылып, бес түрлі ағаш егілмек.

Әкімдіктің ақпаратынша мектептің ашылуы 2016 жылдың 30 тамызына жоспарланып отыр. 

Барлық жаңалықтар